Алматыға басқа адамның төлқұжатымен келген Өзбекстан азаматшасы Куала-Лумпурға депортацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға басқа адамның төлқұжатымен келген Өзбекстан азаматшасы Куала-Лумпурға депортацияланды

Алматыға басқа адамның төлқұжатымен келген Өзбекстан азаматшасы Куала-Лумпурға депортацияланды

 Оңтүстік Астана әуежайында жалған құжатпен Куала-Лумпурдан Алматыға келген Өзбекстан азаматшасы қолға түсті.

  • 9 Ақпан 2015
  • 496
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлады.
«Алматы» өткізу бекетінің шекара жасағы Куала-Лумпурден келген КС-936 рейсінің жолаушыларын тіркеу барысында басқа адамның төлқұжатын көрсеткен азаматшаны ұстады», — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, Өзбекстан азаматы мемлекеттік шекараны әпкесінің төлқұжатымен кесіп өтпек болған.
«Оның қолында Қазақстанда тұруға берілген ықтиярхат бар. 2013 жылдың қарашысында азаматша өз паспортымен Шымкенттен Түркияға ұшып кеткен. Нәпақа іздеген ол бір айдан соң Малайзияға барған. Жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып алған соң Қазақстан азаматы болып табылатын әпкесінің төлқұжатын сұрап алған көрінеді», — делінген хабарламада.
Заң бұзған азаматша Куала-Лумпурға кері жеткізілді.