Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Спортшы қазір Алматыда, бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Алматы, біз сол осы жердеміз. 18 маусымда турнирде кездескенше", — деп Хабиб қала көшелерінің бірінде түсірілген суретке қол қойды.
Айта кетейік, 18 маусымда "Алматы Аренада" Eagle Fighting Champiomship — EFC 37 лигасының аралас жекпе-жектен турнирі өтеді. Нурмагомедов осы турнирдің арнайы қонағы болады.
Іс-шараның картасы 13 жекпе-жекті қамтиды, олардың бастысы — Дағыстанның Арыстаны лақап атымен танымал EFC президенті Шамиль Завуров пен бразилиялық Рикардо Тирлонидің кездесуі.