Алматылық 2-ЖЭО-ға қазақстандық «Белкамиттен» арнайы жабдықтар жеткізілді
«Белкамит»БК алматылық 2-ЖЭО-ға жылу жабдықтарын жаңарту аясында желідегі суды жылытатын 8 қондырғы жеткізіп берді, деп хабарлайды БК-нің баспасөз қызметі. |
«Қазақстандық энергетика мен қазақстандық экономика үшін аса маңызды оқиға болды – «Алматы электр станциялары» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниясы) мен «Белкамит» БК АҚ арасындағы желідегі суды жылытатын 8 жабдықты жасау туралы келісімшарт жүзеге асырылды, жабдықтар Алматылық 2-ЖЭО-ның жылумен қамтамасыз ету жүйесіне орнатылады», - делінген дүйсенбі күні таратылған ақпаратта.
Онда атап көрсетілгендей, жабдықтар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен «Белкамит» БК арасындағы келісімшартқа сәйкес жасалды. БК мен ҰӘҚ арасындағы келісімшартқа 2010 жылдың 4 ақпанында қол қойылды. Оның құны Т190 млн құрады.
Жаңа жабдықтарды орнатудың арқасында Алматының орталық бөлігіне жылу 1-ЖЭО-нің тозығы жеткен жабдықтарының орнына жылу беру мүмкіндігі туады, делінген хабарламада.
Бойлерлік қондырғылары бар Алматылық 2-ЖЭО-ны кеңейту – «Алматы электр станциялары» АҚ үшін отандық өндірушілерді қолдау және экономиканың энергетикалық секторындағы жобалардың қазақстандық мазмұнын арттыру аясындағы ірі жобалардың бірі.
«Белкамит» БК АҚ – мұнай-газ өндіруші, мұнай-газ өңдеуші компанияларға, атом, энергетика, металлургия, құрылыс салаларына, инфрақұрылымдық жобаларға түрлі жабдықтарды өндіруші және жеткізуші.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін