Литрі 300 теңгелік сүт, келісі 270 теңге тұратын ұн шенеуніктер үшін қалыпты жағдай екен. Ал былтыр бұл тауарлардың қанша тұрғаны ешкімнің есінне түспесе керек. Азық-түліктің кез-келген түрі былтырдан бері 10 пайызға қымбаттаған. Атқамінерлер байқамаса да, бағаның бұлай шарықтауы көпшіліктің қалтасына ауыр тиіп жатқаны анық.
Нұрсұлтан Үсенов, Алматы қаласының тұрғыны:
-Күнделікті тұтынатын ет, картоп, пияз керек қой. Солар өкінішке орай, қымбат .