Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Ан-225 "Мрия" сағат 08:30-да Алматы әуежайынан ұшып кетті.
"Дүние жүзіндегі ең үлкен ұшақ. Антонов", — деп жазылған жазбада.
Видеолардың бірінде куәгер 250 тонна таси алатын украиналық көлік ұшағының Алматы әуежайындағы ұшу-қону жолағынан ұшып бара жатқанын көрсеткен. Тағы бір видеода ұшақ алып құс секілді қаланың үстінен ұшып бара жатыр.
Бұл "Ан-225 "Мрия" ұшағының Алматы әуежайына бірінші рет қонуы емес. 2020 жылдың сәуірінде жүк борты Қытайдан Польшаға ұшып бара жатқанында жанармайды үстеп құю үшін қонған болатын.