Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 86,5 млрд теңге аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 86,5 млрд теңге аударды

Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 86,5 млрд теңге аударды

2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 16 қарашасына дейінгі аралықта Медициналық сақтандыру қорына 452,5 млрд теңге түсті.

  • 18 Қараша 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес ұйымының Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Республика бойынша түскен қаржының бестен бір бөлігі Алматы қаласына тиесілі. Жалпы, жүйе іске қосылған 2017 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 86,5 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 71,2 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 15,3 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі»,– деді Тілеухан Әбілдаев.

Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 194 мың тұрғын 339,2 млн теңге көлемінде қаржы аударған.


Соңғы жаңалықтар