Алматылықтар «Шымбұлақты» қоқыстан тазартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтар «Шымбұлақты» қоқыстан тазартпақ

Алматылықтар «Шымбұлақты» қоқыстан тазартпақ

«Шымбұлақта» 31 мамырда жалпықалалық «Таза табиғат» акциясы өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 26 Мамыр 2015
  • 1523
Фото - Caravan.kz

Шымбұлақ тауларын тазалауға ынталы жандар үшін аспалы жол тегін қызмет көрсетеді. Олар қолғап, қоқыс қапшығы, сусындармен қамтамасыз етіледі. Акцияның соңында «ASSORTI- Шымбұлақ» кешені мерекелік дастархан жайылып, қатысушыларға палау пісіріп береді.

«Басты мақсат Шымбұлақ тау бөктерін түрлі қоқыстан тазалау. Акция осымен 4 рет өтіп жатыр. Қала тұрғындарының тарапынан үлкен қызығушылық туғызып отыр», — делінген хабарламада.