Алматылықтарға тегін метро карталары таратылады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтарға тегін метро карталары таратылады

Алматылықтарға тегін метро карталары таратылады

Метрополитен жолаушыларға арнап тегін қалта карталарын шығарды. Картада метро желісінің маршруты, бекеттері және метроға жақын орналасқан Алматы қаласының басты көрікті жерлері көрсетілген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Метрополитен бекеттерінің жанында орналасқан аялдамаға дейін тасымалдайтын автобустардың, трамвайлардың және троллейбустардың маршрут нөмірлері көрсетілген. Карта пішіні өте ыңғайлы жасалған, оны қалтада немесе сөмкеде алып жүруге болады», — делінген хабарламада.

Карта Алматы қаласы тұрғындарының және қонақтарының бағдарлауын жеңілдету үшін шығарылған. Карталарды метрополитен кассаларынан тегін алуға болады.