«Алматым-іңкәрім менің» ретро фестивалінің басталуына санаулы күндер қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматым-іңкәрім менің» ретро фестивалінің басталуына санаулы күндер қалды

«Алматым-іңкәрім менің» ретро фестивалінің басталуына санаулы күндер қалды

«Алматым-іңкәрім менің!» ретро фестивалінің басталуына санаулы күндер қалды. Отандық және әлем эстрадасының жұлдыздары шақырылған осы айтулы шараның Халықаралық трамплин кешенінде өтетінін айта кетейік. Қазір мұнда қызу дайындық жүріп жатыр. Биыл 14-ші рет ұйымдастырылып отырған фестивальда қауіпсіздік шарасына да баса мән берілген.  

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 296
Фото - Caravan.kz

Бұл алматылықтардың асыға күтетін ең сүйікті мерекелерінің бірі. Мейрамдық отшашу, аты әлемге танымал жұлдыздар – фестивальге келген де арманда, келмеген де арманда. Тек концертке келетіндер үшін талап күшті. Ішімдік ішпеуі тиіс және қолында билеті болуы міндетті. Сонда ғана Қайрат Нұртас пен Наталидің «E-Type», Нағима Есқалиева мен «Орда» және өзге де әйгілі әншілердің сайысын көрулеріне мүмкіндік бар.                   

Биыл мерекелік шара өтетін халықаралық трамплин кешенінде қауіпсіздік шарасы күшейтілген. Әрбір 5 адамға бас-көз болуға бір-бір полицейден бекітіліп отыр. Тәртіп сақшылары есіктен кірген бойда фестиваль соңына дейін қасыңызда еріп жүретін болады.

Юрий Бочкарев, «Алматым – іңкәрім менің!» фестивалі қауіпсіздік қызметінің жетекшісі:

— Алматыдағы соңғы тәртіпсіздіктерге байланысты, қауіпсіздікті күшейтіп отырмыз. Шетелден келген қонақтар мен фестиваль көрермендерінің қауіпсіздігін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, жергілікті полиция күші мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыла ұйымдастыратын болады. 

Билетті жоғалтқан жағдайда, үйге кері қайтқан жөн. Өйткені, мерекеге жиналатын 5 мыңдай адамның қауіпсіздігі қадағалайтын сақшылар шақыртусыз маңына жолатпайды.


Динара Тұрсынова, «Алматым – іңкәрім менің» ретро фестивалінің баспасөз хатшысы:

— Билетсіз азаматтар кешке кіргізілмейді. Биылғы фестиваль барынша қызықты, әрі тыныш өтеді деп айта аламыз. Өйткені, біздерде билет иелерінің аты-жөні, телефон нөмірлері туралы мәлімет бар.

Сонымен,тек тәртіп сақшылары ғана шақырту қағазысыз фестивальге кіре алады. Айтпақшы, тегін билеттердің саны күннен күнге азайып келеді. Оларды тек радиолардағы тікелей эфирінде ұтып ала аласыз.