Жарияланды: 20

Алматыны су басты, ал Шымбұлақта қалың қар түсті

Алматыны су басты, ал Шымбұлақта қалың қар түсті Сурет - https://t.me/sputnik_aitady/

Алматыда жаңбырдан кейін қала көшелерін су басты. Ал Шымбұлақта қалың қар түсті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Коммундық қызметтер 23 қарашаға қараған түні күшейтілген режимде жұмыс істеді. Көшеге 104 жұмысшы және 52 техника шығарылды.

Төтенше жағдайлар департаментінде су басу бойынша арыз тіркелген жоқ. Алайда Райымбек батыр көшесінен төмен орналасқан аудандарда арықтар толып кетіп, жаңбыр суы көшеге жайылды.

Әрбір жерге коммуналдық қызметтер барып, суды бұру шараларын атқарды.

Ал Алматы тауларында қар түсті. Шымбұлақта қардың қалыңдығы 20 сантиметрге дейін жетті.

Айта кетері, мегаполисте үш күннен бері жаңбыр жауып жатыр. Синоптиктердің болжамына сәйкес, жауын-шашын 25 қарашада басылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін