Мұндай жағдай 54 жыл бұрын болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда түнде Алматыда екі температуралық рекорд тіркелген
"Минимум температура "Шымбұлақта" тіркелді. Ол жерде ауа температурасы -27,8 градусқа дейін жетті. Бұған дейін қаңтардағы аяз 1969 жылы тіркелген болатын, шамамен -27 градус.
Сонымен қатар, "Мыңжылқы" метеостанциясында температура рекорды тіркелді. Бұған дейін ол аймақта қаңтарда -32 градус тіркелсе, 12 қаңтарда -32,4 градус болды", — дейді Алматы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев.
Оның сөзінше, биыл Алматыда қаңтар салыстырмалы түрде аяз қатты.