Алматының бірқатар аудандарында жарықпен қамту уақытша тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының бірқатар аудандарында жарықпен қамту уақытша тоқтатылды

Алматының бірқатар аудандарында жарықпен қамту уақытша тоқтатылды

Алматының бірқатар аудандарында бүгін жөндеу жұмыстарын жүргізуге және ағаштарды кесуге байланысты электрмен қамту уақытша тоқтатылды.

  • 13 Шiлде 2011
  • 502
Фото - Caravan.kz


«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС сайтындағы хабарламаға сәйкес, Шәріпов-Иштван Қоңыр — Николаев, Кассин — Сейфуллин, Қарасай батыр — Қожамқұлов — Бөгенбай батыр — Мұқанов көшелері ауданында жарық сөндірілді.
Бұл ағаштарды кесу жұмыстары кезінде қауіпсіздік үшін қажет шара болып отыр.
Сонымен қатар, әуе желілерін жөндеу үшін «Шаңырақ» ықшам ауданы, сондай-ақ Қарасай батыр — Бөгенбай батыр — Розыбакиев — Аносов, Витебск — Розыбакиев — Радостовец — Қабанбай батыр көшелері ауданында да жарықпен қамту уақытша тоқтатылды.
Трансформаторлық қосалқы станцияларда қондырғыларды жөндеуге байланысты Аносов — Розыбакиев, Щербаков — Чехов — Шолохов — Пугачев, Әуезо — Тимирязев — 6-шы желі — Ғабдуллин көшелері, сондай-ақ «Құрылысшы» және «Ақсай-2» көшелерінде қуатпен қамту уақытша тоқтатылды.
Сағат 17.00-де электр беру қалпына келтіріледі, дейді «АлматыЭнергоСбыт».

Соңғы жаңалықтар