Алматының дәрігерлері 80-ді алқымдаған қарияның туысын іздестіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының дәрігерлері 80-ді алқымдаған қарияның туысын іздестіруде

Алматының дәрігерлері 80-ді алқымдаған қарияның туысын іздестіруде

Алматыда сексеннің сеңгіріне жеткен қарияның туыстары іздестірілуде. Тәртіп сақшылары қалалық ауруханалардың біріне зейнеткерді көше кезіп жүрген жерінен 5 күн бұрын жеткізіпті. Десе де, әлі күнге дейін қарияны іздеп келген тірі жан жоқ.

  • 30 Қазан 2012
  • 354
Фото - Caravan.kz

Ал науқастың өзі ақыл-есі кем болғандықтан, туған-туыстары түгілі өзі жайында қандай да бір ақпарат бере алмай отыр. Тек Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қапланбек ауылында ұлымен бірге тұрғанын алға тартады. Есте сақтау қабілеті де нашар екен. Сондықтан Алматыға да қалай жеткенін білмейді. Әзірге 82 жастағы Сафира Қалмұратова дәрігерлер қарауында болмақ.  


Назым Жұмағұлова,  №7 қалалық клиникалық аурухананың кезекші  дәрігері:

— Қолында ешқандай құжаты жоқ. Ақыл-есінде ауытқу бар. Сондықтан көп нәрсені есіне түсіре алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар