Алматының медицинасы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің алдыңғы легінде - министрлік - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының медицинасы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің алдыңғы легінде - министрлік

Алматының медицинасы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің алдыңғы легінде - министрлік

Алматыда жедел медициналық көмектің көлемі республика бойынша ең жоғарғы деңгейде.

  • 1 Қараша 2012
  • 381
Фото - Caravan.kz

Бұл бүгін Алматыда денсаулық сақтау басқармасының 85 жылдығына арналған «Медицинаның өзекті мәселелері» деп аталатын мерейтойлық халықаралық конгресте айтылды.

«85 жыл бұрын Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесі 16 шағын медициналық мекемеден құралған еді. Қазіргі таңда Алматының медицинасы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің алдыңғы легінде. Медициналық көмек тек қала тұрғындарына ғана емес, еліміздің аймақтарындағы адамдарға да көрсетіледі. Соңғы 20 жылда Қазақстанның денсаулық сақтау саласының барлық бағытында жүйелі даму үдерісі жүруде. Онда қаржыландыру 10 еседен астамға өсіп, 500-ге жуық жаңа нысандар салынды», — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.

Оның айтуынша, Алматы қаласының медициналық қызметінің тарихы бірегей, бүгінгісі мәртебелі, болашағы жарқын. Бұл халықаралық конгрестің өткізілуі оған медицинаның күрделі бағыттарында жұмыс жасайтын әлемнің 16 елінің мамандарының жиналуымен құнды. Медицналық көмектің сапасын арттыру, мамандардың біліктілігін жетілдіру, ресурстарымызды тиімді пайдалану, әсіресе профилактикалық бағыттағы жұмысты өркендету әлі де күрделі мәселелер болып табылады. Сондықтан пікірталас кезінде оларды шешу жолында жаңа шешімдер қабылданада деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар