Алматының орталық саябағын жаңғыртуға 107 млн. теңге бөлінеді - қала әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының орталық саябағын жаңғыртуға 107 млн. теңге бөлінеді - қала әкімі

Алматының орталық саябағын жаңғыртуға 107 млн. теңге бөлінеді - қала әкімі

Бүгін өткен халыққа есеп беру жүздесуінде Алматы әкімі орталық саябақтың ағаштарын жаңарту мәселесін көтерді. 

  • 20 Ақпан 2014
  • 385
Фото - Caravan.kz

«Аталмыш проблеманы шешу үшін кеше қалалық мәслихаттың шешімі шықты. Орталық саябақтың ағаштарын жаңғыртуға 107 млн. теңге қарастырылатын болды», — деді ол.

Әкімінің айтуынша, қаланың жасыл қорын жаңғырту аясында 2013 жылы апат қаупін тудырған 8245 ағаш кесіліп, 49 мыңнан астам ағашты санитарлық кесу жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, былтыр қаланы көгалдандыру бағдарламасы аясында 36361 түп ағаш отырғызылған. Сондай-ақ қалада жауын-шашын кәрізінің 46 шақырымдық желісі салынды.