Алматының қоғамдық көліктеріндегі жол жүру ақысын көтеру монополияға қарсы заңды бұзады - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының қоғамдық көліктеріндегі жол жүру ақысын көтеру монополияға қарсы заңды бұзады - прокуратура

Алматының қоғамдық көліктеріндегі жол жүру ақысын көтеру монополияға қарсы заңды бұзады - прокуратура

Алматы. 9-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы прокуратурасы қаланың қоғамдық көліктеріндегі жол жүру ақысының соңғы көтерілуі монополияға қарсы заңды бұзады деп таныды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 525
Фото - Caravan.kz

Алматы прокуратурасы, қоғамдық көліктердегі жол ақысын 40 теңгеден 60 теңгеге көтеру Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік және монополистік іс-қызметті шектеу туралы» заңының 10-бабының 1-тармағын бұзатындығын анықтады, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Прокуратураның хабарлауынша, 4-қаңтарда қаланың жолаушылар көлігі және көлік жолдары департаментіне прокуратура аталмыш заң бұзушылықты жоюға қатысты шұғыл шара қабылдау туралы нұсқама енгізілген болатын.

8-қаңтарда нұсқаманы қарастыру нәтижесі бойынша жол жүру ақысы 60 теңгеден бұрынғы 40 теңгеге төмендетілді, деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті