Алматының салық төлеушілері қате түбіртек шоттар алған - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының салық төлеушілері қате түбіртек шоттар алған

Алматының салық төлеушілері қате түбіртек шоттар алған

Мамыр айында келген коммуналдық қызмет үшін төлем түбіртектеріндегі мүлік, жер, көлікке салынған салық сомасы Алматы тұрғындарын таңқалдырды.

  • 16 Мамыр 2014
  • 1524
Фото - Caravan.kz

Кейбірінің түбіртегінде биылғы жыл үшін екі-үш есе тариф көрсетілген, ал былтырғы жыл үшін ақы төленгеніне қарамастан, қарыз деп көрсетілген.

Қате түбіртек шоттар «Алсеко» АҚ (коммуналдық қызмет жеткізушілер үшін бағдарламалық қамсыздандыру көрсететін компания) кінәсінен келгені анықталған.

«Салық бойынша басып шығарылатын файлды қосу кезінде техникалық ақау салдарынан ол жартылай бүлінген. Соның салдарынан Алматы бойынша 2014 жылғы мамырда коммуналдық қызмет төлемінің кейбір түбіртек шоттарында мүлікке, жерге, көлікке салық қызметтері бойынша қарыз/артық төлем сомасы дұрыс көрсетілмеген. Бұл туралы «Алсеко» АҚ сайтындағы хабарламада айтылған.

Осы орайда компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және келешекте мұндай жағдайға жол бермеу үшін шаралар қабылдайтынын уәде еттеді.


Қазі шоттар қайта басып шығарылып, таратуға тапсырылды. 16 мамырдан бастап Алматы қаласының тұрғындары жаңа түбіртектер ала бастайды.

Қате кеткен түбіртек шоттар ғана қайта таратылады.