Алматының солтүстік бөлігіне электр жарығы толығымен берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының солтүстік бөлігіне электр жарығы толығымен берілді

Алматының солтүстік бөлігіне электр жарығы толығымен берілді

Алматының солтүстік бөлігіне электр жарығы берілді. Бұл туралы қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады. 

  • 16 Шiлде 2015
  • 549
Фото - Caravan.kz


Айта кетейік, соңғы 3 күнде Алматы қаласының солтүстік бөлігінде бірнеше сағат бойы электр жарығы болмады. «Алатау жарық компаниясы» АҚ хабарлауынша, қаланың екі жерінде жоғары вольтті электр желілері үзілген. Апатты жағдай сәрсенбі күні күндізгі 10.38-де орын алған. 
Шемякин көшесінің бойында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан экскаватор жоғары вольтті электр тарату желісін үш жерден үзіп кеткен. 
Салдарынан Жетісу мен Түрксіб ауданының бірқатар тұрғындары жарықсыз қалды. Жөндеу бригадасына желіні қалпына келтіру үшін 7 сағат уақыт кетті. Кешкі 17:30-да қуаты 110 кВт болатын электрмагистралі штаттық режімде іске қосылды. 
Тағы бір төтенше жағдай Райымбек даңғылы мен Құлжа тас жолының қиылысында орын алған. Кешкі 21:24-те жоғарғы вольтті электр тарату желісін автокран үзіп кеткен. Салдарынан 4 жерде қысқа тұйықталу пайда болып, ЖЭО-3 жұмысы толығымен тоқтатылды. 
Апаттан кейін 10 минуттан соң халықаралық әуежай, 4 қалалық аурухана сияқты әлеуметтік-өндірістік маңызы жоғары нысандар ЖЭО-2 орталығына уақытша қосылды. 
Түнгі 02:55-те электр желісі қалпына келтіріліп, тұрғындарға жарық берілді. Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін «Алатау жарық компаниясы» АҚ 12 апатты бригадасы жұмылдырылды. 
Қазір электр тарату желісін үзген тұлғаларға қатысты тергеу амалары жалғасып жатыр. Қала бюджетіне келтірілген шығынды өтеу үшін кінәлі адамдар сотқа тартылуы мүмкін.