Алматының жаңадан құрылып жатқан әкімшілік ауданындағы жерді өз еркімен басып алғандардың құрылыстары заңдастырылмайды - М. Мұқашев - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының жаңадан құрылып жатқан әкімшілік ауданындағы жерді өз еркімен басып алғандардың құрылыстары заңдастырылмайды - М. Мұқашев

Алматының жаңадан құрылып жатқан әкімшілік ауданындағы жерді өз еркімен басып алғандардың құрылыстары заңдастырылмайды - М. Мұқашев

Алматы. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматының жаңадан құрылып жатқан әкімшілік ауданындағы жерді өз еркімен басып алғандардың құрылыстары заңдастырылмайды. Бұл туралы қала әкімдігіндегі баспасөз мәслихатында Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мәулен Мұқашев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 4 Шiлде 2008
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Су қорғау және газ қорғау аумақтарында салынған үйлер біз үшін үлкен проблема болып отыр. Біз оларды заңдастыра алмаймыз. Ол жердегі үйлер балшықтан салынған. Ешқандай нормаға келмейді. Барлығы да бұзылады», — деді М. Мұқашев.

Қазір Алатау ауданына біріктірілетін қосылған кенттерде заңсыз 5 мыңнан астам отбасы тұрып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті