Алматының жылу трассаларының жартысынан астамы тозып кеткен, оларды пайдалану мерзімі 25 жылдан асты, дейді жылумен қамту компаниясынан - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының жылу трассаларының жартысынан астамы тозып кеткен, оларды пайдалану мерзімі 25 жылдан асты, дейді жылумен қамту компаниясынан

Алматының жылу трассаларының жартысынан астамы тозып кеткен, оларды пайдалану мерзімі 25 жылдан асты, дейді жылумен қамту компаниясынан

Алматының магистральды және таратушы жылу трассаларының жартысынан астамы тозып кеткен, деп хабарлады "Алматы жылудың" бас директоры Михаил Коржов.

  • 11 Ақпан 2014
  • 459
Фото - Caravan.kz

"Оның ішінде таратушы желілердің – 64% тозған, магистральды желіден – 54%", деді ол сейсенбіде журналистерге баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тұтас алғанда Алматыда шамамен 1134 шақырым жылу желісі бар, оның 275 шақырымы магистральды.

"2006 жылға дейін қалада жылу трасаларын қайта салу жұмыстары жүргізілмеген. 2006 жылы небары 2 шақырымы қайта салынды, өткен жылы 22 шақырым, қарқын күшейтіліп отыр", деді ол.

Алдында хабарланғандай, өткен дүйсенбіде Алматыда түскі сағат 13 шамасында Сейфуллин мен Райымбек көшелері қиылысқан орында диаметрі 800 мм магистральды жылу трассасы қайта жарылды. Соның салдарынан үш адам күйік алды. Вольная, Жібек Жолы,Сейфуллин және Райымбек көшелерінің тұтынушылары ыстық сусыз және жылусыз қалды. Жылумен қамту сейсенбіде таңертең толық қалпына келтірілді.

Бұл жерде желтоқсан айының ортасында да осындай жағдай болған. Онда төрт адам күйік алып қалған.


"Қазгидромет" дерегіне қарағанда, Алматыда сейсенбіде ауа температурасы Цельсий бойынша алғанда – 20 градусты көрсетіп отыр.