Алматы-Қапшағай пойызы жұмысын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Қапшағай пойызы жұмысын тоқтатты

Алматы-Қапшағай пойызы жұмысын тоқтатты

Осыдан бір ай бұрын ашылған Алматы-Қапшағай бағытындағы темір жол құрамы өз жұмысын тоқтатты.

  • 7 Шiлде 2015
  • 575
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «Тұран экспресс» компаниясының экономисі Сәнжан Қаңлыбаева айтты. 

Компания өкілінің айтуынша, жаңа бағыт тасымалдаушыны шығынға батырған. 

«Біз Алматы-Қапшағай бағыты жаз мезгілінде сұранысқа ие болады деп үміттендік. Бірақ, тұрғындарға арнайы пойыздың қажеті жоқ болып шықты. Қолымыздан келгенше халыққа жарнама жасауға тырыстық. Бірақ, бәрібір шығынмен жұмыс істеп келдік», — деді ол.
Айта кетейік, жаңа бағыт биыл маусымда ашылған болатын. 5 вагоннан тұратын темір жол көлігі 1,5 сағатта Алматыдан Қапшағайға күніне 2 рет қатынайтын еді.