Алматы-Семей бағытында жолаушы тасымалдайтын отарбаның бір вагонында электр тұстамасы өртенді
23-маусымда Алматы уақыты бойынша сағат 22 . 30-да Биже станциясында уақытша аялдаған Алматы-Семей бағытында жолаушы тасымалдайтын № 22 отарбаның он бірінші плацкартты вагонында электр желісіндегі қысқаша тұйықталу салдарынан электр тұстамасы өртенді. Өрт отарба бригадасының күшімен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. №11 вагонның жолаушылары басқа вагондарға ауысып орналастырылды. Поезд белгіленген кестеден 30 минутқа кешікті. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін