Алматы-Ташкент тас жолы жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Ташкент тас жолы жабылды

Алматы-Ташкент тас жолы жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысындағы жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлады облыстық ТЖД.

  • 19 Ақпан 2015
  • 514
Фото - Caravan.kz

«Мерке және Шу аудандарында қою тұман түсіп, жол көрінбей қалды. Осыған байланысты Жамбыл облыстық ІІД ӘПБ мен «Қазавтожол» РМК Жамбыл облыстық филиалы 19 ақпанда таңғы сағат 7.30-дан республикалық маңыздағы  Алматы-Ташкент  тас жолының учаскесінде барлық көліктердің қозғалысына уақытша тыйым салды», — деп хабарлады ведомствода.

Трасса Аспара ауылынан Благовещенка (240 км — 311 км) ауылына дейін метеорологиялық жағдайдың тұрақталуына дейін жабылды, — деді  Жамбыл облыстық ТЖД-дан.