Жарияланды: 370

Алматы-Ташкент тас жолындағы ірі жол апатында жеті адам көз жұмды, солардың екеуі балалар

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында «Алматы-Ташкент» автожолының 596-шы шақырымында 26 қазан күні сағат 8. 55-те «Ауди» маркалы екі автокөлік соқтығысты.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы кезінде автокөліктерде екі жүргізуші (екеуі де 39 жаста) мен бес жолаушы, олардың қатарында - 35 және 24 жастағы екі әйел, 29 жасар ер адам және 3 пен 4 жасар балалар болған. Барлығы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі жолаушы түрлі дәрежедегі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін