Алматы-Жетіген-Достық бағытында қатынайтын жаңа пойыз іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Жетіген-Достық бағытында қатынайтын жаңа пойыз іске қосылды

Алматы-Жетіген-Достық бағытында қатынайтын жаңа пойыз іске қосылды

«Алматы-2» темір жол вокзалынан «Алматы-Жетіген-Достық» бағытында жолаушыларға арналған жаңа туристік пойыз жолға шықты.

  • 30 Маусым 2015
  • 537
Фото - Caravan.kz

Бұл — Алакөл маңында туризмді дамыту мақсатында қолға алынып отырған шара.

Жолаушыларға арналған жаңа пойызды Алматы облысының әкімдігі субсидиялап отыр. Темір жолдағы қосымша бағытты ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 63  млн. теңге бөлінді. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жолаушылар пойызы 6 жолаушылар вагонынан тұрады. Ол аптасына үш рет қатынайды. Жолақы шамамен 4 мыңнан 8 мың теңгеге дейін болмақ.

«Ертең алғашқы жолаушыларды Алакөл ауданы Көктума кентінде салтанатты түрде қарсы алады. Жаңа пойыздың іске қосылуы — Алматы облысындағы туризмді дамытудың бір жолы», — деді облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдәлиев.


Запущен новый поезд сообщением Алматы-Жетыген-Достык