"Альстом" жылжымалы электр құрамын жаңарту мен оның өндірісіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Альстом" жылжымалы электр құрамын жаңарту мен оның өндірісіне қатысады

"Альстом" жылжымалы электр құрамын жаңарту мен оның өндірісіне қатысады

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен "Альстом" компаниясының президенті Патрик Крон Қазақстанның электр локомотив жөндейтін зауытының базасында жаңа жылжымалы электр құрамын жаңарту және өндіру жобаларына "Альстом" компаниясының қатысу перспективасын талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 2 Сәуiр 2008
  • 645
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, тараптар темір жол көлігі мен энергетиканы дамыту салаларындағы ынтымақтастық туралы бірқатар мәселені талқылады. «Атап айтқанда, «Альстом» компаниясының қазақстандық электр локомотив жөндейтін зауыттың базасында электрлі жылжымалы құрамның жаңа өндірісі және жаңғырту жобаларына қатысу перспективасы талқыланды», — деп атап көрсетілген баспасөз баянында.

П. Крон жылдамдығы жоғары «Пендолино» пойызын Қазақстан теміржолында пайдалануға компанияның қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ компания жылжымалы құрам мен жабдықтарды жеткізу, трамвай желісін салу мен пайдалануды қамтитын жаңа көлік жүйесін Астана қаласына енгізу жобасын іске асыруда ынтымақтастыққа шақырып отыр», — деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, Балқаш ЖЭС үшін тұрбалар, генераторлар мен қосымша жабдықтар тасымалдаудағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Баспасөз қызметі хабарландырғандай, компания сондай-ақ ірі қазақстандық электр станциялары үшін жабдықтар жеткізуге қатыспақ ниетінде.

«Біз кейбір жобаларды іске асыруды ғана емес, сондай-ақ ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастықты да мақсат етудеміз. Сондықтан технология жаңғырту және өндірісті құру мәселесі ынтымақтастықты дамыту үшін маңызы фактор болып табылады»,- деп сөзін қорытты Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті