Алтай аймағы Оңтүстік Осетияның зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетеді
Павлодар. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алтай аймағы Оңтүстік Осетияның зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл туралы Алтай аймағының губернаторы Александр Карлин арнайы мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі өңір әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Террорды ақтайтын ештеңе жоқ. Қарапайым адамдарға қарсы соғыс ашу, қорғансыз балаларға қаратып оқ ату - әлсіздердің, өзінің іс-әрекетінің дұрыстығына сенімі аз әрі көрегендіктен жұрдай басшылардың үлесіндегі іс, оларды тіпті саясаткер деп атауға да тұрмайды. Алтай тұрғындары Оңтүстік Осетия халқына қарсы қолданылған басымшылық әрекетті қатаң айыптайды", - делінген Алтай аймағы губернаторының мәлімдемесінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін