"Алтел" Қазақстанның тағы 6 қаласында 4G желісін іске қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алтел" Қазақстанның тағы 6 қаласында 4G желісін іске қосты

"Алтел" Қазақстанның тағы 6 қаласында 4G желісін іске қосты

"Алтел" компаниясы ("Қазақтелеком" АҚ құрамында) Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларында жаңа буындағы LTE 4G тарату желісін коммерциялық пайдалануға беріп отыр, деп хабарлады Қазақтелекомның баспасөз қызметінен.

  • 20 Желтоқсан 2013
  • 366
Фото - Caravan.kz

"LTE 4G ұялы желісі 2012 жылы желтоқсан айында Астана және Алматы қалаларында коммерциялық пайдалануға берілген, 2013 жылдың 4-ші тоқсанында Алматының серік қалалары Есік, Қаскелең,Қапшағай, Талғар және Шамалғанда желісі кеңейтілген, желінің құрылысы жалғасуда", делінген хабарламада.

1994 жылдан бері "Алтел" Қазақстанның ірі қалаларында телекоммуникациялық қызметтерді AMPS/NAMPS аналог форматында көрсеткен. 2003 жылдан бері 3G желісі коммерциялық пайдалануға берілді.