Алты баланың анасы «Ресей аруы» атанды
![]() |
Санкт-Петербургтен алты баланың анасы Екатерина Кирмель «Ресей аруы» байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Facebookтің ресми парағында жарияланған. |
Міндетті түрде тұрмыстағы, кем дегенде бір баласы бар әйелдер арасындағы конкурсқа 22-43 жас аралығындағы 15 үміткер қатысты. Жеңімпаз Екатерина Кирмель 37 жаста, екі жоғары білімі бар, билейді, бодибилдингпен және жеңіл атлетикамен айналысады. Оның үлкен ұлы 17, кішісі - 12 жаста, қыздары 10, 9, 6 және 4 жастарда.
«Ресей аруы» байқауы 1998 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы финал Мәскеуде өтті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін