Алты зейнетақы қорының активтері БЖЗҚ берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алты зейнетақы қорының активтері БЖЗҚ берілді

Алты зейнетақы қорының активтері БЖЗҚ берілді

Алты жинақтаушы зейнетақы қорының активтері БЖЗҚ берілді, деп хабарлады БЖЗҚ басқармасы төрағасының орынбасары Руслан Ерденаев.

  • 10 Ақпан 2014
  • 386
Фото - Caravan.kz

"Бүгінгі күнге қарағанда "Республика" ЖЗҚ, "Отан", "Капитал", "Атамекен", "Астана", "НефтеГазДем" алты жинақтаушы зейнетақы қорының зейнеткерлік активтері мен ағымдағы есеп-шоттарын қосу жөніндегі жұмыстар ойдағыдай аяқталды", деді Р.Ерденаев Астанада дүйсенбіде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқасында сөйлеген кезінде.

Қазір"Грантум" жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін қосып, дербес зейнеткерлік есеп-шоттарын біріктірудеміз, деді ол.

"Тағы екі ірі қор қалып отыр: "Ұлар Үміт" және "Халық банк" ЖЗҚ, деді ол.

Сонымен, 2014 жылдың 1-сәуіріне қарай салымшылардың бүкіл дербес зейнеткерлік есеп-шоттары және жинаған ақшалары БЖЗҚ өткізіледі.


БЖЗҚ жұмысын 2013 жылы 22-тамызда бастады. Қор МЖЗҚ базасында құрылған. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері республика үкіметі (Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы), БЖЗҚ зейтнекерлік активтерін Қазақстан Ұлттық банкі басқаратын болады.

Қазақстан халқының саны17 млн адамнан асады.