«Алтын адам» деп жүргеніміз кім?» - баспасөзге шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алтын адам» деп жүргеніміз кім?» - баспасөзге шолу

«Алтын адам» деп жүргеніміз кім?» - баспасөзге шолу

 «Айқын» басылымының бүгінгі санында «Талғат Бигелдинов: Батыр атану екінің біріне бұйырмаған бақ» деген тақырыппен көлемді мақала берілген. Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысының Майбалық ауылында туған. Бұл - Сарыарқаның төсіндегі қасиетті мекен. Талғат Жақыпбекұлы Ұлы Отан соғысы кезінде ИЛ - 2 ұшағымен неміс басқыншылары мен олардың техникасын жою үшін 305 рет көкке көтеріліп, ерлік көрсеткен. Үш рет ұшағы жанып, жарақат алды. Небәрі 23 жасында Кеңес Одағының екі дүркін батыры атағын иеленді. «Батыр атамыздың өмірі мен ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып тарайтыны анық. Қазір жасының ұлғаюына байланысты батыр атамызбен тікелей жолығып, сұхбаттасуға бірнеше рет әрекеттенгенімізбен оның мүмкіндігі болмады. Сондықтан Талғат Жақыпбекұлының өз өмірі жайлы кітаптары мен ол жайлы өзге де материалдармен таныса отырып, осы мақаланы жазып шығуға бел байладық», -деп жазады  авт

  • 27 Қараша 2013
  • 708
Фото - Caravan.kz

 Бас басылымның жазуынша, «Үйлеріңізде жатқан қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар болса әкеліп тапсырсаңыздар ақшалай сыйлық береміз» деп үндеу тастаған Семей қалалық ішкі істер басқармасының насихатына құлақ асқан қала тұрғындары бұл күндері осы іске ден қойған. 1 қыркүйектен басталған осы акция аясында тұрғындардан 63 өтініш хат түскен, 70 қару, 593 патрон тапсырылған. Жұмыс әлі де жалғасын табуда. Ақшалай сыйлық беріледі дегенді естіген қаладағы 1-ші шағынауданның 39 жасар тұрғыны осыдан 73 жыл бұрын Германияда шыққан тапаншаны табыс етті. Калибрі 7,65 мм, 11 оғы бар екен. Сапалы екендігі көрініп тұр, дейді Семей қалалық ІІБ қызметкері Елубек Оспанов. Әлі күнге дейін жарамды, істен шықпаған. «Н» деген азамат сұрау барысында айтып бергендей, тапаншаны атасы Ұлы Отан соғысынан әкелген. Ол мұны ауладағы гаражды жинау кезінде тауып алған. Атасы 1995 жылы қайтыс болып кетіпті. Бұл құрал кез келгеннің қанжығасында жүретін жай қару болмай, құнды дүние болып шықты. Вермахтың жоғарғы командалық құрамасының офицеріне тиесілі дүние екен. Майдангердің гаражында 68 жыл сақталған тапаншаға криминалистік және баллистикалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Тапаншаны әкеліп, өз еркімен тапсырған азаматқа 50 мың теңге ақшалай сыйақы табыс етілді.

Бұл материал «Неміс офицерінің тапаншасы Семейде қайдан жүр?» деген тақырыппен берілді.

 
***

 «Айқын» басылымының бүгінгі санында «Талғат Бигелдинов: Батыр атану екінің біріне бұйырмаған бақ» деген тақырыппен көлемді мақала берілген. Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысының Майбалық ауылында туған. Бұл — Сарыарқаның төсіндегі қасиетті мекен. Талғат Жақыпбекұлы Ұлы Отан соғысы кезінде ИЛ — 2 ұшағымен неміс басқыншылары мен олардың техникасын жою үшін 305 рет көкке көтеріліп, ерлік көрсеткен. Үш рет ұшағы жанып, жарақат алды. Небәрі 23 жасында Кеңес Одағының екі дүркін батыры атағын иеленді. «Батыр атамыздың өмірі мен ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып тарайтыны анық. Қазір жасының ұлғаюына байланысты батыр атамызбен тікелей жолығып, сұхбаттасуға бірнеше рет әрекеттенгенімізбен оның мүмкіндігі болмады. Сондықтан Талғат Жақыпбекұлының өз өмірі жайлы кітаптары мен ол жайлы өзге де материалдармен таныса отырып, осы мақаланы жазып шығуға бел байладық», -деп жазады  автор.

  Осы басылымның жазуынша, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевқа журналистер «Қазақстанда ядролық қалдықтар полигоны ашылуы мүмкін бе?» деп сұрақты төтелей қойған. «Бұл шындыққа сәйкес келмейтін әңгіме. Ондай қарастырылып жатқан жоқ және қарастырылмайды!» деп нықтады ол. 
— 
Қазақстанда ядролық көмулерге арналған полигонды құру бойынша жоспар жоқ! — деп шарт түйді депутат. — Менің ойымша, біздің еліміздің басшылығы Қазақстанда қандай да бір аса зиянды қалдықтар жасырылатын жерлердің болуына жол бермейді. Бұл — принципті мәселе. Ол қазір талқыланып жатқан жоқ. Бұл туралы мақала «Ядролық қалдықтар көмілетін полигон болмайды» деген тақырыппен жарияланды.

 
                                                                                       ***

 «Алаш айнасы» басылымында «Барахолка саудагерлеріне «Өжет» те жайлы болайын деп тұрған жоқ» деген мақала берілген. Барахолка саудагерлері барып жатқан «Өжет» базары да өрт қауіпсіздігіне сай емес. Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің одан басқа базарды таңдағаны дұрыс. Бұл туралы кеше базардағы қасақана өрт қою дерегіне қатысты өткен баспасөз мәслихатында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлім етті.

Мамандардың айтуынша, «Өжет» базары — барахолка саудагерлері үшін тығырықтан шығатын жол емес. Жүргізілген тексерудің нәтижесінде мұнда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудың 15 дерегі анықталған. «Бұл олқылықтар бойынша лауазымды және заңды тұлғаларға айыппұл салынды. Енді бұған қатысты материалдардың барлығы қалалық мамандандырылған экономикалық сотқа жіберілуде. Базардың жабылу-жабылмауын, кемшіліктерін түзеп, жұмысын жалғастыруын тек сот шешетін болады.