Алтын әшекейлеріне қызығып, зейнеткерді пышақтап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтын әшекейлеріне қызығып, зейнеткерді пышақтап кетті

Алтын әшекейлеріне қызығып, зейнеткерді пышақтап кетті

Қостанайда 45 жастағы қала тұрғыны зейнеткердің алтын әшекейлеріне қызығып, оны 15 жерден пышақтап өлтірген. Осы оқиғаға қатысты сот отырысы басталды.

  • 14 Желтоқсан 2022
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  Халық үніне сілтеме жасап хабарлайды.

Айыптау актісіне сәйкес, күдікті әйел зейнеткерді аңдып үйіне дейін барған. Көпқабатты үйдің кіреберісінде оның кеудесіне және мойынына бірнеше рет пышақ сермеген. Соның салдарынан зейнеткер оқиға орнында қаза тапты. Ал күдікті сол жерде марқұмның алтындарын алып кеткен.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2 бөлігі және 192-бабының 2-бөлігі 4-тармағы бойынша айыпталып отырған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Келесі сот отырысы 26 желтоқсанға тағайындалған, – деді облыстық сот баспасөз қызметінің бөлім басшысы Зәуре Едикова.