Шұғыл түрде жеткізілетін алтын бағасы 0,6% арзандап, унциясы 1094,69 долларға тұрақтады.
Мұнай бағасы тағы да төмендей бастады. Бүгінгі сауда-саттық барысында Brent мұнайының фьючерстері 0,8% арзандап, баррелі 56,56 долларға бағаланды.
Жалпы, осы аптада шикізат бағасы соңғы 13 жылда болмаған деңгейге төмендеді. Соңғы екі айда негізгі шикізат тауарларының индексі 9 пайызға төмендеген.