Алтын өндіретін кен орнында атыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтын өндіретін кен орнында атыс болды

Алтын өндіретін кен орнында атыс болды

Ақмола облысында алтын кен орнына қарулы шабуыл жасалды. Қаскөйлер Жолымбет шахтасының тексеру бекетіне оқ жаудырған.

  • 11 Желтоқсан 2013
  • 281
Фото - Caravan.kz


Бұл соңғы кездері Жолымбетте болған 3-ші оқыс оқиға. Бұған дейін екі кенші үйіндінің астында қалған болатын. Кейін жарылыста тағы бір адам оқиға орнында көз жұмды. Енді белгісіз біреулер түнделетіп келіп есік алдындағы тексеру бекетіне мылтықтан оқ жаудырған. Бұл кезде дүңгіршек ішінде екі күзетші отырыпты. Кен орны аумағында бақылау камерасы да, дабыл қондырғысы да жоқ екен. Алтын өндіретін аумақтың қауіпсіздігін жалаң таяқты күзетшілер ғана бақылаған. Қарақшылар мұны білсе керек. Қазір оқ атқандарды арнайы құрылған полиция тобы іздеп жатыр.