Алтын ұрлаумен және контрабандамен айналысқан бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топ құрықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтын ұрлаумен және контрабандамен айналысқан бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топ құрықтады

Алтын ұрлаумен және контрабандамен айналысқан бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топ құрықтады

ҰҚТ мүшелері Ақмола облысының кәсіпорындарында шикізат ұрлаудың қалыптасқан схемасын қолданған.

  • 17 Қыркүйек 2020
  • 29
Фото - Caravan.kz


ІІМ қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесе бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап Caravan.kz порталы.  

Шикізат алдымен жасырын шағын цехтарда өңделіп, содан соң елден шығарылып отырған. Арнайы операция барысында полицейлер контрабанданың ірі арнасын жойып, 10 адамды ұстады. Айғақ заттар алынып, техникалық құралдар тәркіленді. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған бап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздеген. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

 

Соңғы жаңалықтар