Алтынбаев ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.73
  • 546.57
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтынбаев ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысады

Алтынбаев ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысады

ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің 24-маусымда Душанбеде өтетін отырысына қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Маусым 2005
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бұл бас қосуда министрлер ТМД аясындағы әскери ынтымақтастық жайын талқылайды.

Бүгін, 23-маусымда РФ қорғаныс министрі Сергей Иванов Тәжікстанға келеді. Сонымен бірге Қырғызстан, Армения, Беларусь және Өзбекстан қорғаныс министрлері де Душанбеге келеді деп күтілуде.
Отырысқа Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов қатысады.