Алтынның құны құны тарихи жаңаша жоғары деңгейге көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтынның құны  құны тарихи жаңаша  жоғары деңгейге көтерілді

Алтынның құны құны тарихи жаңаша жоғары деңгейге көтерілді

Алматы. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бағалы металдар нарығында 2008 жылдың басында әлемдік алтын құны бұған дейін тарихта болып көрмеген жоғары деңгейге көтерілді, дейді сарапшылар.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 529
Фото - Caravan.kz

Bloomberg агенттігі хабарлағанындай, Шанхайдың фьючерлік биржасында — Shanghai Futures Exchange (SFE) 2008 жылдың 9 қаңтарында ресми түрді алтынның фьючерстік келісім- шарттары бойынша сауда -саттығы басталады. Егер Қытай өзінің нарығын толық ашатын болса, онда алтынға деген сұраныс бірнеше есеге көтеріледі.

Австралия үкіметінің ауыл шаруашылық және шикізат экономикалық сараптау қызметі Australian Bureau of Agricultural and Resource Economics (ABARE) 2008 жылы болатын алтын нарығына сараптамасын жасап, өзінің бағасын берді. ABARE болжамы бойынша, бұл нарықтағы бағаларға әсер ететін факторлардың біріне, АҚШ-та пайыздық ставканың төмендеуі, орталық банктер тарапынан өздерінің алтын-валюталық қор құрылымындағы АҚШ долларының үлесін азайтулары және АҚШ қаржы -несие жағдайының тұрақсыздығы кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті