Алтынсарин-Хромтау бағытындағы темір жол тармағын іске қосу - Қазақстан астығының бәсекелестік қабілетін арттырады - көлік және коммуникация министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтынсарин-Хромтау бағытындағы темір жол тармағын іске қосу - Қазақстан астығының бәсекелестік қабілетін арттырады - көлік және коммуникация министрі

Алтынсарин-Хромтау бағытындағы темір жол тармағын іске қосу - Қазақстан астығының бәсекелестік қабілетін арттырады - көлік және коммуникация министрі

Алтынсарин-Хромтау бағытындағы темір жол тармағын іске қосу - Қазақстан астығының әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттырады. Кеше, 19-қарашада өткен жол тармағының ресми ашылу салтанатында ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов журналистерге осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Қараша 2003
  • 515
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Хромтау-Алтынсарин бағытындағы темір жол тармағын салу жұмыстары 2003-жылдың 18-қазанында аяқталды. Темір жол желісінің 402,5 шақырымын магистральдық, 40,22 шақырымын станциялық жолдар иемденеді. Нысанды салу арқасында 13 станция мен разьезд, 11 көпір, 151 су құбыры жаңадан іске қосылады. Техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес жоба құны 29751 млн. теңгені құрады.

Қаржының 25856 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 4165 млн. теңгесін «Қазақстан темір жолы ҰК» ЖАҚ-ның қаржысы есебінен бөлінді.
Жаңа магистраль астық тасымалдаумен бірге еліміздің солтүстік және орталық аймақтарынан Ақтау теңіз айлағына пайдалы қазбаларды тасымалдау шығынын да кеміте отырып республиканың батыс аймақтарына ел шекарасын кесіп өтпей-ақ, тікелей жүк жеткізуге мүмкіндік береді. Хромтау-Алтынсарин бағытындағы темір жол тармағымен жолаушы тасымалдау жұмыстары жаңа жылдан бастап қолға алынады.
«Қазақстан темір жолы ҰК» ЖАҚ жолға қызмет көрсету мақсатымен қосымша 2 мыңнан астам жұмыс орнын ашқалы отыр.

Соңғы жаңалықтар