Жарияланды: 530

Алтынсарин-Хромтау бағытындағы темір жолды салуға Ақтөбелік 230 жұмыссыз қатысады

Алтынсарин-Хромтау бағытындағы темір жолды салуға Ақтөбелік 230 жұмыссыз қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық әлеуметтік қамтамасыздық орталығынан хабарлады.

Орталық ақпаратына сәйкес, жұмыссыздардың басым бөлігі жұмыспен қамту орталығында ұзақ уақыт бойы тіркеуде тұрған, екінші қайта оқуға келіскен адамдар. Жұмыссыздарды оқыту жұмыстары "Қазақстан темір жолы" РМК-ның қаржысымен, осы компанияның өтінімі бойынша атқарылуда. Қазір 232 адам бекет кезекшісі, тепловоз машинистерінің көмекшісі, вагон қараушылар, слесарь және электрик мамандықтарын игеріп жатыр. Оқып шыққандарды компания жұмысқа алуға уәде берген. Жалпы жыл басынан бері облыстық әлеуметтік қамтамасыздық орталығы 900-ден астам жұмыссызды екінші мәрте оқуға жіберді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін