Алуа Қонарова Мәдениет министріне: Мен үндемей отырудан, мемлекеттен көмек күтуден жалықтым - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алуа Қонарова Мәдениет министріне: Мен үндемей отырудан, мемлекеттен көмек күтуден жалықтым

Алуа Қонарова Мәдениет министріне: Мен үндемей отырудан, мемлекеттен көмек күтуден жалықтым

Қазақстандық музыкалық продюсер Алуа Қонарова Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың сахнаға мас күйінде шыққан әртістерге айыппұл салу және шығармашылығы Конституцияға қайшы келетін орындаушыларға тыйым салу туралы ұсынысын сынға алды.

  • 17 Қыркүйек 2020
  • 665
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы 365info.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қонарова  Instagram-дағы парақшасында өзінің наразылығын білдірді.

«Құдайға шүкір, ақыр аяғында,  сынға алса да алты айдан кейін салаға назар аударды. Рахмет, министр ханым!

Мәдениет саласының қызметкерлері — театр, филармония және т. б., шоу-бизнес, ивент-индустрия салалары толығымен жұмыссыз, мемлекеттің қолдауынсыз қалды,

ал министр керемет ұсыныс жасады!

Мүмкін барлығын ведомствоның өзінен бастау керек шығар? Келесі мәселелерге қатысты не айтасыз?

  • екіжақты смета,
  • сыбайлас жемқорлық,
  • танымал қара тізімдер (жеке таңдау бойынша),
  • шарттық міндеттемелерді орындамау,
  • төлемдерді (мардымсыз) алты айға дейін кешіктіру, өйткені жоғарыдағылар барлығын алады, орындаушының қолына тиын-тебен ғана түседі.

Жұмыс істей алмайтын көптеген түсініксіз қызметкерлер бар (олар құпия зертханада клондалған сияқты көрінеді).

Ең алдымен, жұмыссыз қалған адамдар туралы, табысы жоқ әртістің моральдық бейнесінен гөрі басқа да маңызды нәрселер туралы ойлануымыз керек!

Неліктен

  • фонограммадан бас тартпасқа,

  • авторлық құқық туралы заңды қайта қармасқа. Бізде авторлар да, әртістер де осы заңсыздықтар мен былықтың кесірінен ақша таба алмай отыр!

Неліктен киноға миллиардтық бюджет бөлу туралы мәселені көтермеске?

«Неге» деген сұрақ көп. Бірақ мәселе моральға келіп тіреледі екен. Өзідеріңізден бастау керек, шенеунік мырзалар! Әйтеуір  біздің керек екенімізді сезінесіздер… Қазір кейбір салаларды қалай да жабуға тырысатын болсаңыздар, барлық талантты адамдар сыртқа кетіп тынады.

Мәдениет саласына қысым көрсетудің орнына, жан-жақты қолдаңыздар. Мен үндемей отырудан, мемлекеттен көмек күтуден жалықтым. Енді не болса, сол болсын», — дейді продюсер. 

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәжіліске әртістер мен музыканттарға «әдепсіз қылықтары» айыппұл салуды қарастыратын заң жобасын ұсынған еді. Әдепсіз қылықтар деп сахнаға мас күйінде шығу, оғаш мінез көрсетуді айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар