Алыптар айқасының басталауына санаулы сағаттар қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алыптар айқасының басталауына санаулы сағаттар қалды

Алыптар айқасының басталауына санаулы сағаттар қалды

Жұрт асыға күткен Тараздағы дүбірлі додаға санаулы сағаттар ғана қалды. «Еуразия барысы» атануға үміті бар палуандардың бәрі келіп үлгерген. Бүгін спортшылар соңғы жаттығуларын пысықтады. 

  • 7 Желтоқсан 2013
  • 234
Фото - Caravan.kz


Ұйымдастырушылар да қызу дайындық үстінде. Командаларды сапқа тұрғызып қалай кіріп-шығатындарына дейін үйретіп жатыр. Cайысқа жалпы саны 8 команда қатысады. Олар Қазақстан, Тәжікстан, Монғолия, Ресей, Қытай, Иран, Түркия мен Польша құрамасы. 40-тан астам палуан белдеспек. Турнир ертең түске тақау басталып кеш қарая аяқталады деп жоспарланып отыр. Сарапшылар, Ресей мен Монғолия және Польша палуандары Қазақстан құрамасының басты қарсыласы болатынын айтады. Аса ауыр салмақтағы аты әлемге мәшһүр мына споршыларды жығу, Бейбіт пен Айбек үшін оңай соқпасы анық. Ал алыптар айқасы әлемнің 120 елінде тікелей эфир арқылы көрсетілмек.