Алжир қара алтынға баға құлдырауына қарамастан мұнай өндіруді ұлғайтпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алжир қара алтынға баға құлдырауына қарамастан мұнай өндіруді ұлғайтпақ

Алжир қара алтынға баға құлдырауына қарамастан мұнай өндіруді ұлғайтпақ

 Алжирдің мұнай министрі Юсеф әл-Юсфи бейсенбі күні ел әлемдік нарықтағы бағаның шұғыл төмендеуінен туындаған экономикалық ұтылыстардың орнын толтыру үшін мұнай өндіру көлемін ұлғайта алатынын мәлім етті.

  • 23 Қаңтар 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz

«Қазір біз ондаған кеніштерді дамыту үдерісі үстіндеміз. Біз елдің кірістер деңгейін қалпына келтіру үшін мұнай өндіруді ұлғайтудың барлық мүмкіндігін зерделеп жатырмыз», — деп мәлімдеді министр.

Бүгінгі таңда Алжир ОПЕК квотасына сәйкес күніне 1,2 миллион баррельге тарта мұнай өндіруде, қара алтынға 50 пайызға дейін бағаның құлдырауы ел экономикасына келеңсіз ықпал етуде, деп хабарлады РИА Новости.

Әл-Юсфи мұнай өндіруді ұлғайту елдің мемлекеттік жобаларын шетелдік заемдар тартпай-ақ жүзеге асыруға көмектеседі, деп қосты.

Бұдан бұрын әл-Юсфи ОПЕК-тен бағаның одан әрі құлдырауын болдырмау үшін мұнай өндіруді қысқартуды талап еткен болатын. Ел билігі ұйым құрамында тұрмайтын мемлекеттер үшін өндіруді төмендету тиімді деп санайтын картельдің ірі өндірушілерінің ұстанымын қолдамайды. Дегенмен, мұнай бағасының баррелі 50 доллардан да төмендеп, мұнай құнының төмендеуі жалғасып отырғанына қарамастан, ОПЕК-тің көптеген елдері өндіруді қысқарту ниеті жоқ екенін мәлімдеуде.