А.Машкевич еврей конгресінің президенті қызметінен кетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Машкевич еврей конгресінің президенті қызметінен кетеді

А.Машкевич еврей конгресінің президенті қызметінен кетеді

ENRCPlcкомпаниясының иелерінің бірі, миллиардер Александр Машкеевич еуразиялық еврейлер конгресінің (ЕАЕК) президенті қызметін тастау туралы шешім қабылдады.

  • 22 Маусым 2011
  • 600
Фото - Caravan.kz

Ол бұл қызметте конгрес құрылған 2002-ші жылдан бері болған деп ЕАЕК басшылығындағы дереккөздерге сілтемелеп жазады IzRus.

«Қазақстандық миллиардер, Израль азаматы Александр Машкеевич жақын аптада еуразиялық еврейлер конгресінің (ЕАЕК) президенті қызметін тастайды. Бұл конгресс диаспоралық құрылымдардың аса ірілерінің бірі, құрамына Көне Құрылықтың 20-дан астам ұйымдарын біріктірген. А. Машкеевич осы конгрестің құрылған 2002-ші жылдан бері негізін қалаушы — жетекшісі, әрі демеушісі болды», — деп хабарлайды басылым.

Порталдың хабарлауынша, мұрагерді сайлау қыркүйекте өтуі мүмкін. ЕАЕК-тің президенттігіне негізгі үміткер — ресейлік металлургиялық магнат Александр Бронштейн. Қазіргі кезде ол дүниежүзілік еврейлер конгресінің (ДЕК) вице-президенті және еуразиялық еврейлер конгресінің вице-президенті қызметінде.

А. Машкеевичтің айналасындағы дереккөздердің хабарлауынша, ол шешімді екі негізгі себептерге байланысты қабылдаған. Біріншіден, ол құрған ұйым өз бетінше алдында тұрған міндеттерді тиімді шеше алады. Сол себептен де А. Машкеевич «жаңа қан» құйылатын, диаспораның басқа да жас өкілдеріне өздерін көрсететін уақыт келіп жетті деп есептейді.

Екіншіден, А. Машкеевичтің өзі басқа жобаларға кірісетін болар еді. Олардың арасынан дүниежүзілік жаңалық телеарнасын ашу жобасы, қазір оның қызы Алла Машкеевич басқарып отырған «Рахель» халықаралық отбасылық қайырымдылық қорының жұмысын жанжандыру, сондай-ақ миллиардер соңғы бірнеше ай бойына айналысып жүрген, үшінші әлем елдеріндегі денсаулық сақтау саласын модернизациялау жөніндегі орасан зор жоба бар, дейді А. Машкеевичтің айналасындағы дереккөздер.

Соңғы жаңалықтар