Америкада Царнаевтың сотына алқа билер қайта іріктеліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкада Царнаевтың сотына алқа билер қайта іріктеліп жатыр

Америкада Царнаевтың сотына алқа билер қайта іріктеліп жатыр

АҚШ-та Жохар Царнаевтың сотына қатысатын алқа билер қайта іріктеуден өтіп жатыр. Оған себеп – бұған дейін таңдап алынған 12 адамның осы істе бейтараптық таныта алмауы. Яғни, сынақ барысында барлығы да күдіктіні бірден өлім жазасына кесуге дайын екендіктерін білдіріп қойған.

  • 22 Қаңтар 2015
  • 221
Фото - Caravan.kz

Сондықтан Бостон соты 5 күнге үзіліс жариялап іріктеуді қайта жүргізуді ұйғарған. Әзірге төрелік ету тізіміне — 1350 адам алынған. Ертеңге дейін соның 60-ы ғана қалмақ. Соның ішінен 12-сі негізгі, тағы 6-ы қосымша алқа би қатарына алынады деп күтілуде. Ал процестің басталуы 26-шы ақпанға белгіленіп отыр. Егер Царнаев кінәсін мойындамаса, тыңдалым 3-4 айға дейін созылуы мүмкін. Айта кетейік, бұл сотқа Жохардың сыбайластары деп айыпталып отырған қос қазақ студенті – Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев куәгер ретінде қатыстырылмақ. Ал Царнаевтың өзіне 30 бап бойынша айып тағылған.