Америкада оқып жатқан қазақ студенті жол апатынан қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкада оқып жатқан  қазақ студенті жол апатынан қайтыс болды

Америкада оқып жатқан қазақ студенті жол апатынан қайтыс болды

Жат жерде тағы бір қазақ баласы опат болды. АҚШ-қа арман қуып білім алуға кеткен өскемендік студент көлік апатына ұшыраған.

  • 6 Ақпан 2015
  • 435
Фото - Caravan.kz

16 жастағы Тим Бекшентаев хоккей жаттығуынан соң, бірнеше бала болып досының көлігіне мінеді. Жолшыбай жүргізуші рөлге ие бола алмай бірнеше рет аударылып ағашқа соғылыпты. Бекшентаев сол жерде көз жұмған. Дене жарақаттарын алған қалғандары аман. Қыршын кеткен жеткіншек ағылшын тілін жетік білгендіктен АҚШ-қа "Flex" бағдарламасы бойынша оқуға түскен жалғыз өскемендік оқушы екен. Отанына табытпен оралатын бауырының денесін әкелу үшін Американың Фредерик қаласына Тимнің туған ағасы ұшып кетті.

Нұржан Айтмаханов,ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

-Марқұмның туыстары Сыртқы істер  министрлігіне мәйітті елге  қайтаруға көмектесуді сұрап өтініш жасады. Әрине, өтінішті орындаймыз.