Америкада сотталған студенттердің бостандыққа шығуына қатысты жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкада сотталған студенттердің бостандыққа шығуына қатысты жаңа дерек шықты

Америкада сотталған студенттердің бостандыққа шығуына қатысты жаңа дерек шықты

Америкада сотталған отандастарымыз Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевтың елге оралуы өздеріне байланысты. Бұл туралы бүгін Сенатта дәл осы АҚШ-пен арадағы қылмыстық істерге қатысты келісімді таныстырған Бас прокурордың орынбасары мәлімдеді.

  • 26 Маусым 2015
  • 316
Фото - Caravan.kz

Иоган Меркельдің айтуынша, алдымен сол Тәжияқов пен Қадырбаевтың өздері келісім беруі керек. Экстрадиция мәселесін көтеру басқаша мүмкін емес екен. Қазір қос қазақ студенті үкіммен келіспей, апелляциялық арыз жазып жатыр. Егер одан жеңе қалса, ақталып, тіпті оқуын АҚШ-та қайта жалғастыра алады.

Иоган Меркель, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

-Азамат Тажаяқов  пен Диас Қадырбаевты елге қайтару үшін алдымен олар өз келісімдерін беруі керек. Және ең бастысы АҚШ тарапы да сотталғандарды экстрадициялауға рұқсат етуі қажет. Сонда ғана жазасын отанында өтейтін болады.