Бұл туралы бейсенбі күні француздың «Фигаро» басылымы хабарлады.
Әлемдік басылымдар шабуылға ұшыраған басылымның карикатураларын көшіріп басты. Ал «Нью-Йорк таймс», «Рейтер» мен «Ассошиэйтед пресс» француз басылымының карикатураларын жариялаған жоқ. Олар мұны адамдарды діни ұстанымына қарай масқаралауға рұқсат етпейтін этикалық нормаларымен түсіндірген», — деп жазады «Фигаро».
Кейбір басылымдар карикатуралардың мәнін жазбаша түсіндірсе, «Уолл-стрит джорнэл» исламға қатысы жоқ деген карикатураларды жариялапты.
Дегенмен «Шарли Эбдо» редакциясын еске алған әлемдік басылымдардың басым бөлігі ислам тақырыбына салынған карикатураларды жариялаған.