Америкалықтар Сатурн спутнигіне сүңгуір қайық жібереді - ВИДЕО - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкалықтар Сатурн спутнигіне сүңгуір қайық жібереді - ВИДЕО

Америкалықтар Сатурн спутнигіне сүңгуір қайық жібереді - ВИДЕО

Америкалық ғарыш агенттігі (NASA) Сатурнның Титан атты спутнигіндегі Кракен полярлық теңізін зерттемек, деп хабарлайды Росбалт.

  • 12 Ақпан 2015
  • 661
Фото - Caravan.kz

Флоридадағы NASA институтында көмірсутекті теңіздерді зерттеуге жөнелтілетін сүңгуір қайықтың үлгісі көрсетілді. 

Қайықты ұшыру миссиясы 2040 жылға жоспарланған. Аппарат сағатына 3,6 км жылдамдықпен 2 мың шақырым жерді сүзіп шығуы керек.

Титанда этан мен метаннан тұратын үш полярлық теңіз анықталды. NASA инженерлері әзірлеген сүңгуір қайық олардың ең үлкені — Кракен теңізін зерттейді. Оның аумағы 400 мың шаршы метр, ал тереңдігі шамамен 160-300 метр болады.