Американдық әскерилер Астанада төтенше жағдайларда әрекет ету жөніндегі Орталық Азиялық веб-портал құру аясында семинар өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Американдық әскерилер Астанада төтенше жағдайларда әрекет ету жөніндегі Орталық Азиялық веб-портал құру аясында семинар өткізеді

Американдық әскерилер Астанада төтенше жағдайларда әрекет ету жөніндегі Орталық Азиялық веб-портал құру аясында семинар өткізеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. АСТАНА. Орталық Азиялық веб-портал құру мақсатында Астанаға АҚШ-тан мамандар келіп Қазақстан Респуликасының Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппараты мен құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Қазақстан Респуликасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Қыркүйек 2007
  • 420
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, американдық жақтан АҚШ Орталық командованиесі потенциалдық серіктестікті дамыту жөніндегі бөлім қызметкері Джеффри Коларс пен «Бейбітшілік үшін әріптестікк» шарасын үйлестіруші Любомир Быстреков келген. Қазақстандық топқа ақпараттық-телекоммуникациялық жүйені дамыту бөлімінің бастығы Виктор Бойко жетекшілік етті.

«Семинар үш күнге созылады, семинар барысында оған қатысушылар Орталық Азия мемлекеттерінің халқына жедел көмек көрсетуге мүмкіндік беретін портал құру жөніндегі келісілген ұсыныстар әзірлейді»,- деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, антикризистік ақпарат жүйесі мәліметтер алмасу үшін қосымша болып табылады, ол төтенше жағдайларға әрекет ету және табиғи және антропогендік апаттарды тиімді басқару жөнінде азаматтық биліктің күшін үйлестіру мақсатында құрылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті