Ан-2 апатынан тірі қалған Әсем Шаяхметова жұмыс берушісінен үй сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ан-2 апатынан тірі қалған Әсем Шаяхметова жұмыс берушісінен үй сұрады

Ан-2 апатынан тірі қалған Әсем Шаяхметова жұмыс берушісінен үй сұрады

Ан-2 апатынан жалғыз тірі  қалған  29 жастағы Әсем Шаяхметова арнамызға эксклюзивті сұхбат берді. Зардап шегуші бүгін палатаға ауыстырылған. Бірнеше күрделі операциядан соң тәуірлене бастаған  Әсем  өзі қызмет еткен «Қазақмыс» корпорациясынан Астанадан үй сатып әперуін сұрап отыр.Сөйтіп, аяққа тұрғанша,Елордада тұрақтамақ. Алайда, өтінішіне құлақ асқан ешкім болмапты.

  • 3 Ақпан 2015
  • 326
Фото - Caravan.kz

— Құдай сақтады ғой. Жалғыз мен емес, әріптестерім де аман қалған шығар деп ойлап едім.

Бұл есін жиғалы бері Әсем Шаяхметованың алғаш рет сұхбат беруі.  Екі апта өткенде жақсақтау бөлімінен палатаға ауыстырылып отыр. Ерлік танытқан батыр қыз әлсірегенін білдірткісі келмейді.  Жамбыл облысында болған сол сұмдық апатты айта бергісі де жоқ. Тек аман қалуын Әсем Тәңірдің сыйы деп түсінеді.

Әсем Шаяхметова, зардап шегуші:

-Қалай аман қалдым. Өз-өзіме әлі  сенбей жатырмын. Енді талпынып  аяққа тұратын шығармын. Құдай қаласа. Алла сақтады. Ешқандай апат болмасын. Кісілер аман жүрсе екен.

Әсемнің омыртқасына, жіліншік, жамбас сүйегі мен  сынған  аяғына 5 ота жасалған. Ертең мұрны мен жақ сүйегін қалыпқа келтіру үшін тағы операция үстеліне жатады. Сөйтіп сүйектері бекіп кеткенше, әлі талай ем алуы тиіс.

Ерсін Жүнісов, Астана қалалық №1 аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

-Омыртқасына жасалған  операциядан кейін отырғыза бастадық. Аяқтарына операциялар бәрі  аяқталды. Енді ертеңнен бастап ақырындап төсектен аяқтарын түсіреміз.Бір сәтте, тұрғызып жібермейіз ғой. Уақытымен болады.

20 қаңтарда Жамбыл облысына Ан-2 ұшағы құлағанда, өлім мен өмірдің арасында жатса да қайсарлық танытып құтқарушыларды шақырған Әсемнің енді өзіне көмек керек. Яғни аяққа тұрғанша, өзі 8 жыл еңбек еткен «Қазақмыс» корпорациясынан Астанадан пәтер сатып әперуін сұрап отыр. Себебі Елордада бар жағдай туған жерімде жоқ дейді.


Ақгүл Какокова, Әсем Шаяхметованың анасы:

-Біз Семейде тұрамыз. Астандағыдай бізде аппартура жоқ. Жұмыстан шығып енді осы баланың жанында отырам.7-8 жыл шахтаның астына түсіп жұмыс істеді. Қыз балаға оңай емес.Осы апатты пайдаланып пәтер сұрап отырған түгі  жоқ. Дұрыс түсініңіздер.Одан қалды үйде емес, жұмыс орнында жүріп тап болды ғой.

Алайда, «Қазақмыс» қызметкерінің яғни «Балқаш түсті меттің» бас геологының  өтінішіне  әлі мардымды жауап қайтармапты. Әсемнің ата-анасы, компания қызының тілегін  орындамаса, сотқа жүгінбек ойы барын айтып қалды. Ал ақырындап жүре бастайтын Әсем қаза тапқан 6 әріптесін көп ойлайтынын, жұмысын да сағынғанын айтып отыр. Бірақ, оны  ертең 6-шы операциясы күтіп тұр.